3.2. Жиіліктік сипаттамалары
Түзу сызықты жүйелердің жиіліктік сипаттамаларына келесілер жатады:
1. Амплитуда-фазалы сипаттама W(iω);
2. Амплитуда-жиіліктік сипаттама M(ω);
3. Фазалы-жиіліктік сипаттама φ(ω).
Амплитуда-фазалы сипаттама W(iω) деп Фурье бойынша түрлендірілген шығыс сигналының Фурье бойынша түрлендірілген кіріс сигналына қатынасы аталады.
(3-8)
Егер түзу сызықты жүйені кірісіне гармоникалық сигнал жіберсек, онда шығысында кірісіндегідей жиіліктегі, бірақ басқа амплитудалы және фазы бойынша ығысқан гармоникалық сигнал алынады.
|
Нысана |
3-1 сурет.
Егер кіріс және шығыс сигналын Фурье бойынша түрлендірсек және шығыс сигналының кіріске қатынасын алсақ, онда амплитуда-фазалы сипаттама W(iω) аламыз.
Амплитуда-фазалы сипаттама, кез-келген комплексті теңдеу сияқты, келесі түрде жазылуы мүмкін:
(3-9)
Мұндағы:
-
амплитуда-жиіліктік сипаттама,
-
фазалы-жиіліктік сипаттама.
Амплитуда-жиіліктік сипаттама M(ω) жиілікке ω тәуелділігі бойынша шығыс сигналының амплитудасының кіріс сигналының амплитудасына қатынасы болып табылады.
(3-10)
Жиілік бойынша шығысындағы тербеліс фазасының кірісіндегі тербеліс фазасымен салыстырғанда өзгерісін көрсететін тәуелділік фазалы-жиіліктік сипаттама φ(ω) деп аталады.
(3-11)
Амплитуда-фазалы сипаттама алгебралық формада келесідей жазылуы мүмкін:
(3-12)
i
Im
W(iω)
M
φ Re
3-2 сурет. Комплексті айнымалылар жазықтығы
Амплитуда-жиіліктік сипаттама M(ω) немесе модуль және нақты Re(ω) және жорамал Im(ω) бөліктер бір-бірімен келесі қатынас бойынша байланысады:
(3-13)
Фазалы-жиіліктік сипаттама φ(ω):
(3-14)
Нақты Re(ω) және жорамал Im(ω) бөліктер модульмен келесідей байланысады:
(3-15)
Тербеліс жиілігінің ω өзгерісіне байланысты барлақ жиіліктік сипаттамалар нысананың физикалық қасиеттеріне тәуелді өзгереді. Дегенмен барлық физикалық жүйелер (нысаналар) бір ортақ қасиетке ие: кіріс тербелісінің жиілігі кейбір шектен ωср жоғары көтерілген жағдайда нысана тербеліс әсеріне реакция бермейді, яғни шығыс тербелістері амплитудасы нольге тең Авых.=0.
(3-16)
Шын нысаналар үшін жиіліктік сипаттамалар жиіліктің (-∞)-тен (+∞)-ке дейіін өзгерген жағдайда құрылады, жиіліктің әр мәні үшін модульдерді М және фазаларды φ есептеп, олардың түрін 3-3 – 3-5 суреттерде көрсетуге болады.
Жиіліктің ω 0-ден +∞-ге дейін өзгерген жағдайында модульдерді М1, М2, М3 ж.т.б. және бұрыштарды (фазаларды) φ1, φ2, φ3 ж.т.б. қойып, комплексті айнымалылар жазықтығында амплитуда-фазалы сипаттаманы құруға болады. Теріс жиіліктегі ω<0 амплитуда-фазалы сипаттама ω>0 жағдайындағы амплитуда-фазалы сипаттаманың нақты осіне Re қатысты симметриялы.
i
Im
ω=0 Re
φ1
М М2 М1
φ2 ω1
М3
φ3 ω2
ω3 ω>0
3-3 сурет. Амплитуда-фазалы сипаттама

М
ω
3-4 сурет. Амплитуда-жиіліктік сипаттама
φ

ω
3-5 сурет. Фазалы-жиіліктік сипаттама